«Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
«Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-не қарасты 21 кітапхана жұмыс жасайды. Орталығы Чайковский көшесінде орналасқан А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана.
Көпшіліктің ақпараттық сұраныс-талабын қанағаттандыру мақсатында 1949 жылдың қараша айында қазіргі М.Әуезов көшесінің бойында қалалық кітапхана ашылып, сол жылы А.С.Пушкиннің 150 жылдығын бүкіл дүние жүзі атап өтуіне байланысты кітапханаға ұлы ақын есімі берілген болатын. Кітапхананың ашылуына ат салысып және оның алғашқы оқырмандары болған қазақтың классик жазушысы А.Тоқмағамбетов, белгілі ақын Ә.Оңалбаев, сол кездегі жас ғалымдар М.Киреев, Жаманқұлов, Ә.Тәжімағанбетовтер еді. Кітапхана кеңесінің алғашқы төрағасы болып Қазақстанға белгілі ғалым Әуелбек Қоңыратбаев сайланды. Кітапхана кітап сүйер қауым үшін олардың жиі бас қосатын орнына айналды. Кітап қоры жаңа әдебиеттермен толықтырылып, ашық кітап қоры ұйымдастырылды, жаңа оқырмандардың саны өсті. 1970 жылы кітапханаға жаңа ғимарат берілді. 1977 жылдан бері қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің бас кітапханасы. Сол жылдары Ксения Нигай, Бекзия Өтепқызы, Жамал Қалиқызы, Баян Иманғалиқызы, Саягүл Жамбылқызы жүйенің алғашқы директорлары болып қызмет атқарды. Қазіргі таңда «Қызылорда «Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін Рахметова Гүлмира Шамсутдинқызы басқарып отыр.
«Covorking»
"Amanat" партиясының «Қазақстан кітапханалары» бағдарламасы аясында еліміздегі кітапханалардың қызметін жаңғыртып, оларды жаңа заманға сай орталық ретінде қайта құру мақсатында жүйеге қарасты А.С.Пушкин атындағы және № 12, № 6 , № 8, № 9 кітапханалардан «Коворкинг» білім орталықтары жұмыс жасайды. Жыл басынан бастап аталған орталықтар жастардың көп келетін орнына айналды. «Кітап құрттары», «English club» клубы және жоғары және орта арнаулы оқу орны студенттері өздерінің бос уақыттарын өткізіп, кітаптар оқып, түрлі ойындар, караоке айтып өз ойларымен бөлісетін ортаға айналды.
"Адал Адам" мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасының 'Әлем ВООК" оқырмандар клубы жүйеге қарасты ауылдық және кенттік кітапханаларда ашылды. Аталған клубтың мақсаты: Қазақ ақын-жазушыларының мерейтойлары мен жергілікті қаламгерлердің шығармаларын, республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясын оқырмандарға кеңінен насихаттап, әр түрлі мерекелік, тарихи-танымдық, әдеби-жыр, әдеби-танымдық кештерін, поэзия, өнеге, өнертану сағаттарын, оқырмандар конференциясын және кітап талдауын, кітап беташарын өткізу. Жыл көлемінде «Әлем Book» клубына 125 жаңа оқырмандар мүше болып, түрлі деңгейдегі шығармашылық кештерді өткізді.
Кітапханалардың кітап қоры – 647659 дана. Қазақ тілінде 264923
Қала кітапханалары қала көлемінде орналасқан мекеме – ұйымдар, кәсіпорындар, жоғары оқу орындары, мектептермен байланысын нығайып, кітапханаларда түрлі көпшілік шаралар ұйымдастырып, қала тұрғындарына кітапханалық – ақпараттық мәдени қызмет көрсетуде. Жаңа заман талабына сай қала тұрғындарының ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жүйеге қарасты барлық кітапханалар бүкіләлемдік ақпарат жүйесі – интернетке қосылып, Қызылөзек, Қарауылтөбе, Махамбетов, Қызылжарма, Абай, Ақжарма ауылдық кітапханалары модельді кітапхана мәртебесін алып, талабы жоғары оқырмандардың игілігіне жұмыс жасауда.