Құрметті достар , КБИ м/а тұрғындары!
Құрметті достар , КБИ м/а тұрғындары!
Сіздерді Ақмаржан көшесі №29 ғимаратта орналасқан кітапханаға келіп кітаптар, мерзімді басылымдар оқуға шақырамыз! Кітапхана сағат 9.00-18.00 аралығында жұмыс жасайды.
Бүгін № 18 кітапханада "Менің сүйікті кітапханам" жобасы бойынша КБИ м/а тұрғындарына ақпарттық кітапханалық қызмет көрсету мақсатында ашық есік күні өткізілді.
Шараға №197 мектептің 15 жасқа дейінгі жастары қатысып, кітапхана жұмысымен , жаңа әдебиеттермен, "Қ.Р.Тәуелсіздігінің 30 жылдығына -30 кітап" атты акциямен таныса келе кітапханаға оқырман болып өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Мақсаты: Жастарды кітап оқуға баулу,жас буынды өз болашағын қалыптастыруға, жаңашылдыққа, өз идеяларымен бөлісуге шақыру.
Келіңіздер! Кітап оқып рухани бай болыңыздар!







