БАЙҚАУ! БАЙҚАУ! БАЙҚАУ!
БАЙҚАУ! БАЙҚАУ! БАЙҚАУ!
Құрметті желі қолданушылары! Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен "ӘҢГІМЕ АЙТА БІЛЕСІҢ БЕ?" атты онлайн байқауы өткізілетіндігін хабарлаймыз.
БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ - ұлттық мүдде мен халықтың рухын жандандыру, ұлы даламыздың даму өркениетінің бір көрінісі - ұлтымыздың табиғи болмысын сақтай отырып, жастардың бойына сіңіру, бай сөздік қорымыздың негізінде сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
БАЙҚАУДЫҢ ШАРТЫ - бабаларымыздың жүріп өткен жолы мен тайға таңба басқандай етіп айтып кеткен ұлағатты сөздерін, тағылымы мол ғибратты әңгімелерді, ділмар-шешендерден қалған аңыздарды нақышына келтіріп жеткізу.
БАЙҚАУҒА 15 жастан бастан 60 жасқа дейінгі талапкерлер қатыса алады. Ұзақтығы 5-7 минуттан аспау керек. Санитарлық талапты және эстетикалық әдемілікті сақтай отырып видеоға түсіріп, 16 сәуір мен 1 мамыр аралығында 87776847700 WhatsApp нөміріне жолдауы тиіс. (Видеоның сапалы болуы басты назарға алынады!!!) Қабылданған видеолар Фейсбук әлеуметтік желісінде жарияланып, көп лүпіл жинаған қатысушылар финалдық кезеңге өтетін болады. Байқаудың финалдық кезеңі бойынша жеңімпаздар 1 мамыр мен 5 мамыр аралығында анықталады.
Естеріңізге сала кетейік, байқау жеңімпаздары дипломдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Ендеше, байқауға қатысуда белсенділік танытуларыңызды сұраймыз!
