ЖАС АҚЫНДАР МҮШАЙРАСЫ

ЖАС АҚЫНДАР МҮШАЙРАСЫ 
                Құрметті желі қолданушылары! 
Қалалық  орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің    ұйымдастыруымен 
«Еліме-30 жыл, тарту еттім-өлең-жыр» 
жас ақындардың  онлайн  мүшайрасының   өткізілетіндігін хабарлаймыз.
БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ -Ел Тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы секілді ұлы құндылықтарымызды,     егемен еліміздің өсіп-өркендеу жолында қол жеткен тарихи жетістіктерін насихаттау. Еліміздің дамуында аянбай еңбек ететін  патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу. Тұғырлы Тәуелсіздігімізді мақтан ету, Тәуелсіздігімізді қорғау және нығайту-әрбір Қазақстан азаматының абыройлы міндеті екенін ұғындыру.
 Өскелең ұрпаққа  Қазақстанның тұғыры мығым, экономикасы  қуатты,  рухы асқақ мемлекеттің тарихи белестерін таныстыра отырып, өз елінің патриоты болуға шақыру. Оқырмандардың поэзияға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, елжандылыққа тәрбиелеу.
БАЙҚАУДЫҢ ШАРТЫ:  Байқау   екі  кезең  бойынша өткізіледі. 
1. «Жыр арқауы-Тәуелсіздік»  жас ақындар  өз  шығармашылығынан  тәуелсіздікке арнау оқиды.    /3 мин/
2. «Азаттықтың арыстары» Еліміздің азаттығы жолында  күрескен  асыл ерлерімізді жырға қосу.  /3 мин/
1. БАЙҚАУҒА 15-25  жас аралығындағы   талапкерлер қатыса алады. Екі кезең тапсырмасы  видеоға бірге түсіріліп,  ұзақтығы 5-7 минуттан аспау керек.  Ереже бойынша     қатысушылардың  өлеңінің мағынасына , оқу мәнеріне,  өлеңді жатқа мүдірмей оқуына мән береледі.
 Санитарлық талапты және эстетикалық әдемілікті сақтай отырып видеоға түсіріп,  26  сәуір мен 10  мамыр аралығында 87760090373  WhatsApp ,Телеграм нөміріне жолдауы тиіс. (Видеоның сапалы болуы басты назарға алынады!!!) 
 Қабылданған видеолар Фейсбук әлеуметтік желісінде жарияланып, көп лүпіл жинаған қатысушылар жеңімпаз атанады. Жеңімпаздар 10 мамыр мен 15 мамыр аралығында анықталады.
Байқау жеңімпаздары дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталады.
Ендеше, байқауға қатысуда белсенділік танытуларыңызды сұраймыз!

26 сәуір 2021 ж. 14

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам