№1 кітапхана

   №1 кітапхана кітап қорына жаңадан келіп түскен жазушы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  Сәуле Досжанның өз дәуірінің дара тұлғасы, Отанына, халқына адал қызмет етуді өмірлік мұраты еткен, еліміздің ертеңін ойлаған парасат иесі, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың өнегелі өмір жолы мен балалық шағының ерекшелігі жайлы жазылған, иллюстрациялары жасанды интеллект көмегімен жасалған «Бала шақтан – болашаққа» атты кітабын жас оқырмандарға насихаттады.  
   Шараның мақсаты - Мемлекет басшысының өнегелі өмір жолын көркем тілмен таныстыру, жас оқырманды отансүйгіштікке тәрбиелеу, ұлттық құндылығымызға құрметін, тарихымыз бен мәдениетімізге деген қызығушылығын арттыру. 
   Шара барысында кітапта көрініс тапқан Қасым - Жомарт Кемелұлының ата-анасының тағылымды тәрбиесі мен оның бала кезінен бойына сіңірген адами қасиеттері, еңбексүйгіштігі мен ұлтқа деген шексіз сүйіспеншілігі әңгімеленді. Елінің болашағы үшін аянбай тер төккен азаматтың өнегелі өмірі - тек жас буынға ғана емес, оларды өсіріп отырған ана-аналарына, барша оқырманға оқуға ұсынылатын қымбат қазына.
20 қараша 2025 ж. 168

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам