№19 кітапхана

ТАНЫС БОЛЫҢЫЗ, ЖАҢА КІТАП! 
Балаларға шабыт сыйлайтын танымдық туынды!
«БАЛА ШАҚТАН-БОЛАШАҚҚА» 
 Автор: Сәуле Досжан
Бұл кітапта  отбасылық құндылықтар, өмірлік сынақтар мен жарқын естеліктер шынайы тілмен баяндалады. Автор оқырманын өзінің ішкі әлеміне жетелей отырып, әр парағында оқырманға ой тастап, үміт сыйлайды.
– «Бала шақ – әр адамның рухани бастауы. Сол балалықтың нұрымен ғана болашаққа нық қадам басамыз» деген идея кітаптың негізгі арқауы.
Бұл туынды — тек мемуар емес, бұл – адамгершілік, ата-ана қадірі, өмірлік сабақтар туралы терең ойларға жетелейтін рухани кітап.
Сол жағалаудағы "Жастар ресурстық" орталығында орналасқан № 19 кітапхананың кітапханашысы Болатқызы Айжан жаңа кітапқа шолу жасап, баршаңызды кітап оқып рухани бай болуға шақырады.
Кітап біздің кітапханамызға келіп түсті. Оқуға кеңес береміз!
21 қараша 2025 ж. 51

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам