№6 кітапхана

Құрметті оқырмандар!
   Бүгін сіздерге белгілі жазушы, қоғам қайраткері Сәуле Досжанның жүрек тебірентерлік туындысы – «Бала шақтан – болашаққа» атты кітабын таныстырмақпыз.
  Бұл шығарма – балалық пен болашақ арасындағы алтын көпір. Автор өзінің өмір жолы арқылы әрбір оқырманды армандауға, талпынуға, отбасылық құндылықты қастерлеуге үндейді. Жеңіл тілмен жазылған, тәрбиелік мәні зор туынды жас буын үшін де, үлкендер үшін де аса құнды.
   Кітапта баланың жан дүниесі, өсу, қалыптасу кезеңі терең сипатталып, ұлттық рух, ананың тәрбиесі, мұғалімнің орны, білімнің күші көркем суреттеледі. Бұл – тек естелік емес, әр қазақ баласына арналған рухани жолсілтеуші кітап.
   Шұғыла м/а орналақан жүйеге қарасты № 6 кітапхананың кітапханашысы НұргүлТөлеубай кітапхана оқырмандарын осы туындыны оқуға шақырады. Арманға жетелейтін бұл кітаптан әркім өзіне жақын тағдыр, таныс әсер, рухани нәр таба алады.
21 қараша 2025 ж. 47

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам