Үздік оқырман – 2026
Қызылорда қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі «Үздік оқырман – 2026» қалалық байқауын ұйымдастырады.
Байқау кітап оқу мәдениетін насихаттау, оқырмандардың көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру, білімді әрі зерделі оқырманды анықтау мақсатында өткізіледі.
I кезеңде – Оралхан Бөкейдің «Ұйқым келмейді» шығармасы,
II кезеңде – Тынымбай Нұрмағанбетовтың «Періштелердің өлімі», Смағұл Елубайдың «Ақ боз үй» шығармалары негізінде тапсырмалар беріледі.
Байқауға қатысуға ниетті 18 жастан асқан барлық кітапсүйер оқырмандарды белсенді қатысуға шақырамыз!
Кітап оқыңыз, біліміңізді сынаңыз, үздік оқырман атаныңыз! 









