Әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл
Қасиетті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге алып келді. Қазақ топырағынан көкіреп ояу, көзі ашық,,ойшыл азаматтары бүкіл шығыс араб-парсы мəдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жаза біліп, кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдыра білді. Олардың ішінде аты əлемге жайылғандары да аз емес. Сондай ұлы ғұламаларымыздың бірі-Әбу Насыр Әл-Фараби. Бүгінгі таңда қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қоры Əбу Насыр əл-Фарабидің 7 томдық шығармаларымен толығуда. 1150 жылдық қарсаңында келген шығармаларымыз екі тілде шығарылған. Олай болса құрметті оқырмандар баршаңызды жаңа кітаптармен танысуға шақырамыз. #фараби1150 #farabi_1150







