Тәуелсіздік – тарихың
№16 кітапхананың ұйымдастыруымен 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – тарихың» атты онлайн шолу өткізілді. Шара барысында сан ғасырлар арман болған тәуелсіздіктің орнауы, қазақ тарихы, қазақтың бастан кешірген түрлі нәубеттері, желтоқсан оқиғасы туралы жазылған әдебиеттер таныстырылды.







