Тәуелсіз Қазақстан – мәңгілік ел
№1 кітапханада 16 - желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіз Қазақстан – мәңгілік ел» тақырыбындағы виртуальді кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды. Оқырман қауым бұл кітап көрмесінен тәуелсіз жас мемлекет – заманауи Қазақстанның атын әлемге танытқан қаламгерлер мен тарихи тұлғалар туралы жазылған кітаптармен таныс болады. Атап айтқанда : Тәуелсіздігіміздің арқасында Арқа төсінде әсем қала – астанамыз Нұрсұлтан қаласы, еліміздің өңірлеріндегі барша қалалар көш түзегенін тіліне тиек еткен Асқарбек Бектемісовтің «Тәуелсіздік тартуы» атты публицистикалық туындысы, «Тәуелсіз Қазақстан тарихын зерттеудің өзекті мәселелері» атты ғылыми – танымдық мақалалар жинағы, «Мәігіліе ел - Қазақстан» атты Фото – альбомы, Болатбек Төлепбергенннің «Ұлттық идея – Тәуелсіздік тұғыры» атты публицистикалық толғаулары, ҚР – сы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған оқиғалар хроникасының 1- 2 көп томдық жинақтары , Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы», «Сындарлы он жыл», «Тарих толқынында», «Тәуелсіздік белестері», «Еуразия жүрегінде» тағы да басқа әдебиеттерді оқуға үсынады.







