Ұрпақтардан жеткен Тәуелсіздік
№17 кітапханада жастарды елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында «Ұрпақтардан жеткен Тәуелсіздік» атты әдеби оқу өткізілді. Тәуелсіздік ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқар арманы мен қайсар рухының жемісі. Тәуелсіздіктің асыл мұраттарын арқау еткен ақын Қалқаман Сариннің «Тәуелсіздік», жас ақындар Серік Бертаевтың «Тәуелсіздік таңы», Ернат Жакеннің «Тәуелсіз елім, тірегім!» өлеңдерін кітапхана оқырмандары мәнерлеп жатқа оқиды.







