Ғажап ғарыш айлағы
№3 кітапханада «Ғажап ғарыш айлағы» атты таңғажайыптар алаңы белсенді жас оқырмандар арасында өткізілді. «Ғарышкер» атты сөзжұмбақ шешіліп, «Аспан әлеміне саяхат», «Косманавтика- ғажап әлем» , тақырыптарында викториналық сұрақтар қойылып, ойындар ойнатылды. «Қазақтың үш қыраны» атты кітап көрмесі бойынша әдебиеттерге шолу жасалып, бейне роликтер көрсетілді. Таңғажайып алаңы қызықты сұрақтарға, түрлі мәліметтерге толы болды.







