Жастар еркін елдің ертеңі
№12 кітапханада «Коворкинг» орталығында «Жастар еркін елдің ертеңі» атты еркін форматта дөнгелек үстел өткізілді. Кешке Облыстық мәслихат аппараты, облыстық қоғамдық кеңес бөлімнің қызметкері, Сыр елінің жас ақыны Б.Б.Қожантай, «Qosyl» Қызылорда қалалық жастар ресурстық орталығының директоры С.Б.Кеншілік, Облыстық «Жас Отан» жастар қанатының еріктісі Н.Н.Серікбай қатысты. ҚР.Президенті Қ.Ж.Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында жастардың тың идеялардың жаршысы, еліміздің болашағы екендігін айтып өтті. Дөңгелек үстелге жиналған қауым тәуелсіздіктің маңыздылығы мен мемлекетіміздің жастарға деген қамқорлығы, болашағы туралы, жер мәселесі мен тіл тұғырлығы туралы ойларын ортаға салды. Биылғы еріктілер жылындағы жастардың игі бастамалары мен атқарған жұмыстары кеңінен сөз болды. Ой сергіту мақсатында қызықты сұрақтар қойылып, «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 кітап» рухани акциясы бойынша әдебиеттерге шолу жасалды.







