Бір өлеңі- бір елдің мұрасындай
№18 кітапхана қазақтың ақиық ақыны М.Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай «Бір өлеңі- бір елдің мұрасындай» атты әдеби оқуды назарларыңызға ұсынады. Шара барысында кітапхананың жас оқырмандары Д.Жаханша «Шыда,шыда», Н.Сайфурхан «Арманым,тіріл көз ілген», Н.Тұрсынбай «Барлығы да сендердікі», Ұ. Тұрымбетова «Тауда өстім» атты ақынның жыр шумақтарын мәнерлеп жатқа оқыды.







