Қоғам мен құндылық
2021 жылдың 23 қаңтар күні Қалалық орталықтанддырылған кітапханалар жүйесінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласын насихаттауға арналған «Қоғам мен құндылық» атты семинар өткізілді. Семинарға жүйеге қарасты кітапхана қызметкерлері қатысты.
Семинардың мақсаты: Еліміздің Тәуелсіздігінің жасампаздық жолындағы 30 жылдық тарихын насихаттау. Бабалардан мұра болған басты байлығымыз қасиетті жерімізді қадірлеп-қастерлеу керектігін жастарға ұғындыру. Қоғамдағы басты құндылығымыз ана тілімізде сөйлеуді азаматтық парыз ретінде қалыптастыру.
Семинар барысында ОКЖ директорының орынбасары А.Айеке «Тәуелсіздік-мәңгілік елдің тұғыры» атты баяндама жасады. Баяндама барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласымен таныстырып, мақаланың маңыздылығы туралы айтты. Шараға қатысушылар соңғы кездері даулы мәселеге айналған жер мәселесі, ана тілімізді дамыту, қолданыс аясын кеңейту жолдары туралы ой-пікірлерін білдірді. «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы аясындағы кітап көрмесі бойынша әдебиеттерге шолу жасалып, оқуға ұсынылды.








