Қорқыт мұрасы-мәңгілік дастан
Қорқыт баба өмірде өшпес ізі, артында әдеби-музыка мұрасы қалған тарихи тұлға Қазақ философиясы тарихында Қорқыт Ата– ел бірлігін нығайтқан кемеңгер қайраткер, түркі дүниетанымының негізін жасаған ғұлама ойшыл, әлемдік ақыл-ой мәдениетінде өзіндік орны бар философ-гуманист ретінде көрінеді. Осынау ұлы есімді ұлықтау максатында №3, 19 кітапханада Текей Батыр Қарпықұлы колледжі студенттері мен ұстаздары қатысуымен «Қорқыт мұрасы-мәңгілік дастан» атты тарихи кеш өткізілді. Кешке жиналған оқырман қауымға Ұлы баба өмірінен мол мағлұмат беріліп, ұстаз -тарихшы М.Бекетова күйлерінің шығу тарихы мен орындаушылар туралы айтты.
Қызылорда облыстық филармониясының өнерпазы, қобызшы Ә.Жақсыбаева, шәкірттері А.Кемелбек, Қ.Алмат Қорқыт күйлерін қобыз аспабында тамылжыта орындады.
«Қорқыт мұрасы» атты кітап көрмесі бойынша әдебиеттерге шолу жасалып, жас оқырмандар ақындардың арнау жырларын жатқа оқыды.