Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру
2021 жылдың 26 қаңтарында №17 кітапхана ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау мақсатында виртуалды кітап көрмесін оқырмандар назарына ұсынады. Бұл – мақала ғана емес, мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт руханиятын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін рухани жаңғыру бағдарламасы деуге болады. Жастардың санасына ұлттық құндылықтарын сіңіріп, рухани болмысымен өмір сүруге баулитын мақала жайлы әдебиеттер менбағдарлама аясында «Туған жер», «Киелі жерлер» бағытында өлке тарихы жайлы жазылған кітаптар насихатталды. Рухани жаңғырудың басты мақсаты-кешеден келе жатқан ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттап, ән мен күйді, тіл мен әдебиетті заманауи үрдістермен ұштастыра білу.








