Қорқыттың көрі
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №18 кітапханада 2021 жыл кітаптарын таңдауы бойынша «Бір ел – бір кітап»республикалық акциясы аясында «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынылды. Акция аясында Иран-Ғайып ақынның «Қорқыттың көрі» пьесалар жинағына «Қорқыттың көрі» (Аңыз дастан), «Алтын ажал» (Трагедия), «Гүл-нәр» сияқты ақынның ең таңдаулы драмалық дүниелері енген. Акция аясында ел болып оқитын кітаптар: поэзия , проза және драматургия, балалар әдебиеті және аударма саласын қамтыған. Соның ішінде Иран-Ғайыптың «Қорқыттың көрі» пьесалар жинағының онлайн таныстырылымын ұсындық.







