Халықтан шыққан дана ақын
2021 жылдың 28 қаңтарында № 16 қалалық кітапханада халық ақыны Ж. Жабаевтың 175 жылдығына орай «Халықтан шыққан дана ақын» атты онлайн әдеби оқу ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: Жас ұрпаққа Ж. Жабаевтың өмір жолдарын таныстыру, ақынның өлеңдерін, шығармашылығын насихаттау. Шара барысында: Екі ғасырдың куәсі болған, жыршы –жырау, халық ақыны, «ХХ ғасырдың Гомері» атанған Жамбыл Жабаевтың өмір жолдарына тоқтала келіп, кітапхананың белсенді оқырмандары Әбдіқани Диас, Серікқызы Көркем, Ақайдар Раяна, Мұратбек Бекзат ақынның «Ақын болдым он үште», «Өсиет», «Сараң бай мен жомарт кедей», «Артықша туған азамат» атты өлең-жырларын мәнерлеп жатқа оқыды.







