«Өмірдастан» кітабы

   2021 жылдың 30 қаңтар күні қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №20 кітапханада республикалық «Бір ел – бір кітап» рухани-мәдени акциясы аясында ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жалпыхалықтық оқуға ұсынылған Мұқағали Мақатаевтың «Өмірдастан» кітабы бойынша онлайн шолу ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – рухты ақынның шығармаларын ел болып оқу, Ел Тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы секілді ұлы құндылықтарымызды насихаттау. Оқырмандардың поэзияға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, елжандылыққа тәрбиелеу. Шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығына, көзі тірісінде жарық көрген, туған жер, адамдар тағдыры, өмір мен өлім, ана мен бала, соғыс тауқыметі тақырыптарын түгел қамтыған «Өмірдастан» кітабының мазмұнына шолу жасалды.


01 ақпан 2021 ж. 669

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам