«Тәуелсіздік бәрінен қымбат»
2021 жылдың 31 қаңтары күні сағат 11.00 – де А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚР Президенті Қ.Ж.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат»атты мақаласы аясында дөңгелек үстелдің өткізілді. Шараның мақсаты – Өскелең ұрпаққа Қазақстанның тұғыры мығым, экономикасы қуатты, рухы асқақ мемлекеттің тарихи белестерін таныстыра отырып, өз елінің патриоты болуға шақыру. Шара барысында арнайы шақырылған қонақтар: Қызылорда облыстық «Ұрпақтан ұрпаққа» бірлестігінің төрайымы Алмагүл Божанова, Қызылорда қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайлаубай Әбішев, Қызылорда қалалық жастар ресурстық орталығының директор орынбасары Жорабек Медет Ерданұлы, Абылайхан атындағы жоғары колледжінің оқытушысы тарихшы, заңгер Алдамбергенұлы Азамат және де №233 мектептің тарих пәні мұғалімі Досжанова Айнұр қатысып, мақала төңірегінде ой қозғап, пікірлерімен бөлісті. Шараны Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Рахметова Гүлмира Шамсутдинқызы қорытындылап, жастарды өз елінің патриоты болуға шақырды.







