Күй анасы-Дина
Құрманғазы күйлерін кейінгі ұрпаққа жеткізуші Дина Нұрпейісованың күйшілік өнері және домбыра тарту шеберлігі-қазақтың музыкалық мәдениетіндігі қайталанбас құбылыс. №1 кітапханада қазақ халқының дәулескер күйші композиторы Дина Нұрпейсованың 160 жылдығына орай «Күй анасы-Дина» атты өнер кеші өткізілді. Шараға Оқушылар мен Жасөспірімдер Үйі жанынан құрылған «Домбыра» үйірмесінің мүшелері мен № 11 мектеп лицейінің музыка пәнінің мұғалімі, күйші Сералиева Анар қатысып күйлердің шығу тарихын, күйші туралы естеліктер айтып, «Қайран шешем», «Әсем қоңыр» күйлерін орындады. Күйшінің өмірбаянына арналған «Күй анасы - Дина» атты бейнеролик көрсетілді. Мақсаты:Дәулескер күйші Дина Нұрпейсованың туындыларын насихаттау, жас ұрпақты күй өнеріне баулу және оларға үлгі-өнеге көрсету.







