Сан қилы тағдырлардан сыр шерткен сыршыл ақын
№10 "Қызылөзек" ауылдық кітапханасында жазушы, прозашы, баспагер, журналист Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ә. Асқаровтің туғанына 70 жыл толуына орай "Сан қилы тағдырлардан сыр шерткен сыршыл ақын" атты қаламгер сағаты өткізілді. Әлібек Асқаров Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдегі баспа ісінің және полиграфия саласының ұйымдастырушысы. Жазушы Ә.Асқаровтің әрбір шығармасы тылсым табиғатқа, туған жерге, ауыл адамдарына деген сүйіспеншілікке, жүрек жылуына толы . "Құтмекен" , "Тайга толғауы", "Жасыл әлемге саяхат", "Ерте түскен бозқырау", "Өр Алтай, мен қайтейін биігінді", "Родники рождаются в горах", "Мұнар тауды, музарт шыңды ансаймын", "Социализм әңгімелері", "Скрип соленого сердца", секілді 30-дан астам кітаптың, повестер мен әңгімелердің авторы.







