Мұқағали – мәңгілік жыр
2021 жылдың 3 ақпан күні ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жасқа толуына орай №3 кітапханада «Мұқағали – мәңгілік жыр» атты поэзия сағаты өткізілді. Мұқағали Мақатаевтың поэзиясының халыққа кең таралуының мәні мен өміршеңдігін жас ұрпақтардың санасына жеткізу, жүрекпен сезіндіру, оның өшпес туындыларын өлең сүйер қауымның назарына ұсыну мақсатындағы шараға №173 мектептің оқушылары қатысты. Кітапхананың жыр сүйер оқырмандары ақынның «Шеше сен бақыттысың», «Дәрігерге», «Үш бақытым», «Қарлығашым келдің бе», «Жырласам ба екен..», «Тағы да күз», «Менің Отаным», «Біздің көктем», «Жүр, досым..» сияқты өлеңдерін жатқа оқып, оның сыршыл поэзиясына деген өз құштарлықтарын танытты. «Ғасыр ақыны» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, ақынның өмірбаянына, шығармаларына шолу жасалды.







