Ел үмітін ер ақтар,ер атағын ел сақтар
Елім деп туған ерлердің есімі бір ғасыр өтсе де, жүз ғасыр өтсе де ел есінде сақталары сөзсіз. Қазақ тарихының әр ғасырында халқымыздың батырлығының үлгісіне айналған тұлғалар болады. Сондай асыл тұлғаларымыздың бірі, Ұлы Отан соғысының даңқты батыры, Қазақстан мен Орталық Азиядан шыққан тұңғыш генерал Сабыр Омарқұлұлы Рақымов (1902-1945). Осы орайда №9 кітапханада «Ел үмітін ер ақтар,ер атағын ел сақтар» атты еске алу кеші өткізілді. Шарада даңқты генерал Сабыр Омарқұлұлы Рақымовтың ерен ерлігі, отаншылдық ұлы қасиеті жайлы мәліметтер кеңінен әңгімеленіп, оқырмандар батыр тұлғасымен тереңірек танысты.
Мақсаты – қазақ халқының аты аңызға айналған даңқты генералдың қайталанбас өр тұлғасы мен қаһармандық ерлігін, қайсар қолбасшылық қасиеттерін жан-жақты ашып көрсету. Оқырмандардың өн бойына батырдың ерлік істерін сіңіріп, елін, жерін қорғай білуге, қаһармандыққа, ерлікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.