Табиғат үшін бәрі жауапты
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада «Табиғат үшін бәрі жауапты» атты экологиялық сағат өткізілді. Адамдар табиғаттан барынша керегін алады, ауамен тыныстап, жеріміздің әдемі, көрікті жерлерімен серуендеп демалады. Сондықтан адамзат қауымы табиғатты өз анасындай сыйлап, құрметтеуге, қорғауға қадірлеуге, сүюге міндетті. Ол кез келген адамның парызы. Осы орайда шара барысында оқырмандарға қоршаған ортаны қорғау, таза ұстау туралы баяндалған - «Табиғат», «Атамекен» , «Географиялық энциклопедия», «Өсімдектер әлем»і, «Табиғатым-тағдырым», «Экология және қоршаған ортаны қорғау», «Табиғатты қорғау және көркейту» және т.б табиғат туралы кітаптар таныстырылып, ақпараттар берілді. Мақсаты : Кітапхана оқырмандарына өз туған жерінің табиғаты туралы ақпарат беріп, қоршаған ортаны қорғауға шақыру.







