Бір өлеңі - бір әлем
№14 Белкөл кітапханасы мен клуб қызметкерлері бірлесіп қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған лирик ақын М.Мақатаевтың 90 жасқа толу мерейтойына орай «Бір өлеңі- бір әлем » атты әдеби сазды кеші өткізді. Шара барысында «Мерейтой бетін ашқанда » атты кітап көрмемесінен ақынның шығармалары, аз ғұмырында артына қалдырған жалынды жырлары, оқырманын тәнті еткен «Ару ана», «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек» дастандары таныстырылды. №189 мектептің 9 сынып оқушылары белсене қатысып, ақынның «Махамбеттер, .Абайлар -ай», «Шыда-шыла», «Үш бақытым», «Шуағым менің», «Отан» т.б.өлеңдерін жатқа оқыды. Клуб қызметкерлері ақынның сөзіне жазылған бірнеше әндерді шырқады.







