Жыр патшалығының алыбы
№18 кітапхана қазақтың көрнекті ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай «Жыр патшалығының алыбы» атты әдеби оқуды №271 мектептің оқушылары қатысуымен өткізді. Шараны жүргізуші Нұрай Сайфурхан ақынның өмір жолымен кеңінен таныстырып, жас оқырмандар Ә.Асансейітова, Ә.Қыдырбай, Д.Дүйсенбек, Ұ.Амангелдиева ақын жырларын мәнерлеп жатқа оқыды. Өлкеміздің жас ақындары Бексұлтан Орынбасаров пен Жамбыл Бақытәлі тамаша айтыс көрсетіп шараның мазмұнын ашты.







