Есіңе мені алғайсың

  Мұқағали Мақатаев  қазақтың аса дарынды ақиық ақыны, Қазақстан   Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты , қазақ поэзиясында сирек кездесетін    сөз зергерінің бірі. Бүгінгі таңдағы қазақ поэзиясында өзіндік дауысын, өзіндік қолтаңбасын, ақындық жеке өрнегін белгілеп кеткен  аса  дарын иесі. 
Ақынның  туған  күні  қазақ елі бойынша  жыл сайын ақырған ақпан айында тойлана беретіні хақ. Бұл–жұмыр жер мен дөңгелек уақыт көрсеткішінің белгісі. Еске алу немесе поэзия кеші емес, құдды бекітіліп берілген атаулы мереке санатына қосылғандай, жылдағы қайталанар үрдіс пен дәстүрге айналғалы қашан!?.
Қаламыздың сол жағалауында орналасқан  №19 кітапхана мен  «Жастар» орталығының бірлесуімен  Хантәңірінің мұзбалағы,  ақиық ақын,  тау тұлғалы талант,  дарынды дарабоз, миллион сырлы сезімнің егесі – Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына  орай  «Есіңе мені алғайсың» атты  әдеби-жыр кеші өткізілді. 
Жыр кеші  «Жастар» театрының әртістері орындауындағы ақынға арнау  жырын оқу  прологымен  ашылды.   Жыр кешіне  ақын,  Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қатира Жәленова,   ақын-журналист  Қызылорда облыстық Қазақстан Жазушылар одағының төрайымы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері    Қаршыға Есімсейітова, ақын  Елубай Әуезов,   Жастар» орталығының басшысы   Мукеев  Азаматтар қатысып ақынның шығармашылығы туралы мағыналы әңгімелер айтып,  жыр арнаса,   жас ақын «Ұстаз мәртебесі»  газетінің жауапты хатшысы  Айдар Сайлауов  өз шығармашылығынан  жыр  оқыды. 
Ақын жайлы  қысқаша бейне баян көрсетіліп, жас оқырмандар ақын жырларын жатқа оқыды. 
   «Ақмешіт» институтының  студенттері     ақынның   «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан  көрініс   сахналап, ақынның сөзіне жазылған  
«Есіңе мені алғайсың» «Мен деп ойла ». «Отыздан асып барамын» «Шеше сен бақыттысың»  әндерімен қатар  «Ертегі елім» , «Атамекен»  әндері шырқалды. 
     Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Рахметова Гүлмира  жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана,  биіктей түседі, оның рухани қазынасын ұлт иелігіне асыратын XXI ғасырдың  жастары – сендерсіңдер!-деген  тұжырыммен кешті  қорытындылады.
12 ақпан 2021 ж. 647

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам