Ұлытаудың ұлар ақыны
Жүрсін Ерман –әдебиет әлемінде өткен ғасырдың жетпісінші жылдары көрініп, ақындық талантын мойындатқан қаламгер. Халықтың көне мұрасы-айтысты жаңартып ұйымдастыруға үлкен еңбек сіңірген қазақтың талантты ақыны, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерманның туылғанына 70 жыл толуына орай ақынның шығармашылық мұрасы мен тұлғалық болмысына арналған «Ұлытаудың ұлар ақыны» атты жыр кешін №17 кітапхана назарларыңызға ұсынады. Кітапхана оқырмандары асыл өнерін халқының мұратына арнаған «Ұлытау», «Сенім», «Текті қыран» өлеңдерін оқыса, Мәдениет үйінің қызметкері Қуаныш Ахметқызы Жүрсін Ерманның сөзіне жазылған «Сыңарым» әнін орындады. Шараның мақсаты: Ұлтымыздың рухани қазынасына өлеңдерімен олжа салған, саңлақ ақынның жырларын насихаттау.







