Мен өмірді жырлау үшін келгенмін

    А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада  Қызылорда Құрылыс және Бизнес колледжінің студенттері мен кітапхананың  белсенді  оқырмандарының қатысуымен «Мен өмірді  жырлау үшін келгенмін» атты  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,  "Алаш" Халықаралық әдеби сыйлығының иегері, Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы,  Құрмет орденінің иегері  ақын  Ақұштап Бақтыгерееваның  шығармашылығына  арналған поэзия кеші өткізілді.  Кештің мақсаты: Оқырмандарды   отты жырларымен, ойлы, өрнекті өлеңдерімен, халқының қадір-қасиетін айта алған, жайықтың ақ шағаласы атанған, ақын Ақұштап Бақтыгерееваның шығармашылығымен таныстыру.
    Ақұштап Бақтыгереева нағыз шыншыл, азаматтық лирикасында әлеуметтік кем-кетігін, тұрмыс-тауқіметін, жалпы қазақтың мұң-шерін жырлап, жоғын жоқтай білген ақын. Осы орайда поэзия кешінде жас оқырмандар  - Б. Мейірбек «Ағалар», Б.Дайрабаева «Достық», Д.Жәнібекұлы «Шағала», Н.Қанатбай  «Сары жапырақ»,  Е.Мұхит  «Туған жер», Ж.Рахманов  «Кең дала» өлеңдерін оқып, Өтеп Айгерім «Мектебіме» әнін өз нақышымен орындап көрермендер ықыласына бөленді.  Сонымен бірге  кеш барысында  ақынның  шығармашылығына  арналған  «Өлең деген құдірет» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып оқырмандар назарына ұсынылды. Шараға қатысқан жастар А.Бақтыгерееваның  шығармашылығына  қызығушылық танытып, өздеріне қажетті ақпараттар алды. Поэзия кешіне қатысқан адам саны – 42.

17 ақпан 2021 ж. 16

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам