«Ерлі-зайыптылар» романы
№4 кітапханада жазушы Бексұлтан Нұржекеұлының 80 жылдығына орай «Ерлі-зайыптылар» романы бойынша оқырмандар конференциясы өткізілді. Б.Нұржекеұлының «Ерлі-зайыптылар» романында Сыр елінің ақын азаматы Мұқа Қалжанов пен (аты өзгертілген) жары Ілескүлдің қыздары Зеріпке (Зеріптің өтініші бойынша) жасау ретінде берген қос күнделіктің сыры баяндалған. Шарада кітапхана оқырмандары Күнтуаров Ерлан, №253 мектептің №11сынып оқушысы Л.Валерия және т.б өз ойларымен бөлісті. №43 Ж.Маханбетов атындағы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұмағалиева Гүлзия романдағы нағыз әйел, жар бейнесі Ілескүлдің іс- әрекеттерінің біраз тұстарын ашып баяндады. Оның бойындағы Сондай-ақ ел адамының жары болуындағы қиындықтар мен түсінбестік жағдайларға аса салиқалықпен, сабырлықпен қарап отбасын сақтап, балаларына жөнді тәрбие беруде үлкен даналық танытқан жерлеріне де тоқталып өтіп кештің мазмұнын келтірді.



