Сұлулық пен іңкәрліктің символы

    А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада қазақ киносы мен театрының актрисасы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі,  «Құрмет» орденінің иегері Меруерт Өтекешованың  70 жылдық мерейтойына арналған «Сұлулық пен  іңкәрліктің символы» атты өнер сағаты өткізілді.  1970 жылы «Қыз Жібек» фильмі экранға шыққан соң   Қыз Жібек пен Төлеген – пәк  махаббат пен шынайы сезімнің дәлеліне айналды.  «Қыз Жібек» жырының желісімен түсірілген көркем фильм қазақ киносының алтын қорына енді.  Ал Меруерт Өтекешованың сұлулығына тәнті болған  халық әрдайым оны «Қыз Жібек» деп таныды.  М.Өтекешова 1970 жылдан бастап бүгінге дейін  көптеген рөлдерді сомдап,  көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп келеді.  Оқырмандар өнер  сағаты барысында  кітап көрмесімен танысып, өздеріне қажетті мағлұматтар алды.




19 ақпан 2021 ж. 12

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам