Қаламмен кешкен тағдыр
№18 кітапхана жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Бексұлтан Нұржакеевтің 80 жылдық мерейтойына орай «Қаламмен кешкен тағдыр» атты әдеби портретті оқырман назарына ұсынады. Жазушының өмір жолы таныстырылып, «Жау жағадан алғанда”, “Ойұшқын”, “Өнер құдіреті”, Күй толғақ, «Бір өкініш, бір үміт», «Бейтаныс әйелдің құпиясы», «Ерлі зайыптылар» сынды шығармалары оқуға ұсынылады.







