Мұқағали – мәңгілік ғұмыр
№1 кітапханада ақиық ақын, тау тұлғалы талант, дарынды дарабоз, «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби жыр кеші өткізілді. Кешке Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі,ақын Мұхамеджан Нұрханов Байдүйсенұлы қатысып, оқырмандарға ақын туралы естелік айтып, өз шығармашылығынан арнау өлеңін оқыды. Сондай ақ кітапхананың белсенді оқырмандыры ақынға арналған және ақынның жыр шумақтарын жатқа оқып, С.Майқанова атындағы мәдениет үйінің қызметкерлері әндерін орындады. Жыр кешіне ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған «Әр өлеңі – бір әлем» атты кітап көрмесін кітапханашы Ж.Жоланова таныстырды. Шараға №11мектептің 9 сынып оқушыларымен,М.Ықсанов атындағы политехникалық колледж студенттері қатыстырылды.







