Әліпби тамыры тереңде
"Әліпби тамыры тереңде" №20 кітапхана Елбасы Н. Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы жайлы кең көлемді мағлұмат беру, жаңа нұсқасын таныстыру мақсатында "Әліпби тамыры тереңде" атты ақпараттық сағат ұсынды. Шара барысында тамыры терең әліпбиіміздің тарихы, латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру кезінде ең алдымен, ұлттық тілдің табиғатын, тазалығын сақтауға, қазақ тілінің халықаралық деңгейге көтерілуіне, әлемдік ақпарат кеңістігіне кіруімізге және тәуелсіз еліміздің рухани болмысының жандануы мен жаңғыруына зор мүмкіндік беретіні жайлы ақпараттар айтылды.







