Ұлттық қолөнер-тәрбие көзі
"Ұлттық қолөнер-тәрбие көзі" №8 Ж.Маханбетов ауылдық кітапханасында "Ұлттық қолөнер-тәрбие көзі" атты таным сағаты қолөнерші Жұбаназарқызы Гүлімханның қатысуымен онлайн сыр-сұхбат өткізіліп, қазақ тұрмысындағы сырмақ сыру, ою ою, түскиіз, киіз басу сияқты дәстүрлі өнер кеңінен әңгіме болды. Шараның негізгі мақсаты: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтің "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы аясында қазақ халқының қолөнер үлгілерімен таныстыра отырып, халық өнерінін қастерлеуге, үлгі тұтуға үйрету. Жастарды әсемдікті тани білуге баули отырып, эстетикалық ой өрісін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу.







