Менің сүйікті кітапханам
№18 кітапханада жастарды кітап оқуға баулу, жас буынды жаңашылдыққа, өз идеяларымен бөлісуге шақыру мақсатында "Менің сүйікті кітапханам" жобасы бойынша ашық есік күні өткізілді. Шара барысында оқырмандарымыз кітапхана жұмысымен танысып, оқуға әдебиеттер таңдады.







