Оспанханның Орынбасар інісі

    №17 кітапхана  «Қаламгер сағаты» жобасы аясында   «Оспанханның Орынбасар інісі» атты әдеби портрет шарасын назарларыңызға ұсынады. Орынбасар Әлжіков-Сыр бойында облыстық деңгейдегі түрлі-түрлі қызмет саласымен де, шығармашылығымен де салиқалы сардар азаматтығымен де ел ықыласына бөленіп, абырой құшағында жүрген қаламгер. Жас кезінен –ақ мемлекеттік қызметтің біраз бұйдасын ұстаған, қай қызметте болсын абыройын төкпей-шашпай, өзінің іскерлігі мен басқару қабілетін көрсетті. Шара қонағы   Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Мұхамеджан Нұрханов жазушы жайлы лебізін білдірсе, кітапхана оқырмандары сатирик-жазушының ««Ич» пен «Ұлы» жайлы», «Ас әлемнің иесі» сықақ өлеңдері мен әзіл-қалжыңдарынан үзінді оқыды.
Шараның мақсаты: Өскелең ұрпақ өкілдерін жерлесіміз сатирик-жазушы Орынбасар Әлжіктің шығармашылығымен таныстыру, оларды кітап оқуға шақыру.


24 ақпан 2021 ж. 604

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам