Сыр сүлейі
№16 кітапханада жыр дүлдүлі Кете Жүсіп Ешниязұлының 150 жылдығына орай «Сыр сүлейі» атты ауызша журнал өткізілді.
Ауызша журналда сөз өнеріне жастайынан ден қойған Кете Жүсіптің суырып салма ақындығы, сыр сүлейінің өз заманында Сыр бойындағы барлық ақындармен айтысқаны, оның атын ел арасына танымал еткен қараөзектік Қаңлы Жүсіппен 7 жылға созылған ұзақ айтысы жайлы кеңінен айтылды. Жас оқырмандар кітап қорындағы Кете Жүсіптің шығармаларымен танысып, «Өсиет», «Қызығы бұл дүниенің мал менен бақ» атты өлең-толғауларын дауыстап оқыды.







