Жыр дүлейі -Дүр Оңғар
№4 кітапханада Сыр сүлейі Дүр Оңғар Дырқайұлының шығармашылығын насихаттау мақсатында «Жыр дүлейі -Дүр Оңғар» атты жыр кеші өткізілді. Сыр бойындағы сүлей атанған жүйріктер шоғырының көрнекті өкілі - Оңғар жырау Дырқайұлы, бар жоғы 43 жылдық қысқа ғұмыры болғанымен ақын артына өшпес мол рухани мұра қалдырған. Дүр Оңғардың толғаулары, тойбастар, арнау өлеңдері, көңіл - қостары, жұбатулары, жұмбақтары, бірқақпайлары, айтыстары, оқиғалы тарихи жырлары - оның ақындық поэзиясындағы ақындық даралығын көрсетеді.Шарада кітапхана оқырмандары Бедебаев Балтабай «Өзім туралы» толғауын орындаса, №222 ,№253 мектептің оқушылары Ыдырыс Зухра,Әуелхан Береке,Бағлан Нұрдана жыраудың өлеңдерін жатқа оқыды.







