» » Тұран топырағының даңқты перзенті - Жалаңтөс Баһадүр

Тұран топырағының даңқты перзенті - Жалаңтөс Баһадүр

Ескерткіштер әрбір елдің тарихы мен өткенінен сыр шертер халықтың ұлттық байлығы ғана емес, сол елдің өткені мен бүгінін саралауға мүмкіндік беретін маңызды құрал. №1 кітапхана мен №13 балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Тұран топырағының даңқты перзенті - Жалаңтөс Баһадүр» атты әдеби-сазды кеш  Баһадүр ескерткіші жанында өткізілді.Шараға Қызылорда қалалық ауыл шаруашылығы және ветеренария бөлімінің сектор меңгерушісі Ш.М Жұмадиллаев,  «Жалаңтөс Баһадүр» атындағы Республикалық қордың төрағасы – Н.Т.Мұсабаев,   орынбасары – Б.Ұзақбаев, ақын, сценарист, режиссер Оңталап Нұрмахановтар қатысып, есімі кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге қазақтың әйгілі батыры, аса көрнекті қолбасшы ұлы бабамыздың  өмірі жайлы, Самарқанның әмірі, жан-жақты ғұламалығы туралы тарихи естеліктер айтты. Жас оқырмандар батыр бабамызға арнаған ақындар  өлеңдерін жатқа оқып,  патриоттық әндер шырқалды. Жалаңтөс Баһадүр баба рухына тағзым етіп, гүл шоқтары қойылды.

18 сәуір 2019 ж. 1 198

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам