Қол ұстасайық достар
Көктемнің алғашқы мерекесі 1 наурыз - Алғыс айту күні А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана Қызылорда Құрылыс және Бизнес колледж студенттерінің қатысуымен «Қол ұстасайық достар» атты мейірімділік сабағын өткізді. Шара барысында Алғыс айту күні барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген достық пен махаббат сезімдерін білдіретін мереке екені айтылып, Ким Артур, Левченко Олег, Шавалиев Расул, Колгинов Алишер «Алғыс» сөзіне өмірден мысалдар келтіріп, «алғыс», «мейірімділік», «достық» тақырыбында өлеңдер оқып, қол ұстасып «Достық» әнін шырқап, көтеріңкі көңіл-күймен шараны аяқтады. Мейірімділік сабағы жастарға берері мол, өте әсерлі, мағыналы шара болды.







