Мың алғыс саған, туған ел!
1 наурыз Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығымен Алғыс айту күні болып жарияланғаны белгілі. Мерейлі мерекеге орай №20 кітапханада оқырмандарға 1 наурыз – Алғыс айту күнінің мән-мағынасын түсіндіру, қазақ еліне, ата-анасына, бауырларына, жақындарына, елімізде тұрып жатқан өзге ұлт өкілдеріне деген құрмет сезімдерін арттыру, өскелең ұрпақты достық, бір-біріне құрмет көрсетуге, отансүйгіштікке тәрбиелеу, Елбасының Қазақстан халқын біріктіруге арналған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын насихаттау мақсатында «Мың алғыс саған, туған ел!» танымдық әңгіме өткізілді. Шара барысында Алғыс айту күнінің тарихы, маңыздылығы, тәуелсіз еліміздегі ауызбіршілік пен ынтымақ, бейбітшілік пен тыныштық, сыйластық пен бауырмалдық сияқты асыл қасиеттер бейнеролик арқылы көрсетіліп, әңгімеленеді.







