Ескерткіштер мәңгі сыр шертеді

18 сәуір – Халықаралық тарихи-мәдени   орындарды қорғау күніне  орай  «Жазушылар композициясы» ескерткішінде Қалалық  мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен орталықтандырылған   кітапханалар жүйесі ұйымдастыруымен «Ескерткіштер мәңгі сыр шертеді» атты  кеш өткізіліп, шараны  қала ескерткіштерінің маңыздылығы мен тәрбиелік мәні  туралы кіріспе сөзбен  Р.Талғатқызы ашты. Кітапханалардың белсенді оқырмандары қазақтың көрнекті ақындары  Ә.Тәжібаевтың, З.Шүкіровтің өлеңдерін жатқа оқып,  драматург,а удармашы, Қазақстанның халық жазушысы Қ.Мұхамеджановтың шығармаларынан қойылым көрсетті. №1 кітапхана оқырманы Б.Өтебаев  әдебиет алыптарына  өзінің арнау өлеңін оқыса,  Д.Еркін   Нұртуған жыраудың «Қанеки тілім сөйлеші» термесін,  М.Маханбетжанов «Бір кеңес» термелерін орындады.   Шара  қазақ әдебиетінің үш  алыбына  гүл шоғын қою рәсімімен аяқталды.


18 сәуір 2019 ж. 1 394

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам