Алғысым шексіз...
№7 Қарауылтөбе ауылдық кітапханасында «Алғысым шексіз...» атты мерекелік шара өткізілді. Алғыс айту күні – бұл біртұтас азаматтық қағидаттарға негізделген Қазақстандық қоғамды дамыту арқылы ел бірлігін нығайтуды басты мұрат тұтқан мереке. Мерекелік шарада оқырмандар Алғыс айту күні еліміздің әр азаматының жүрегіне жақын мерекелердің бірі екендігін білдіре отырып, шат өмірлеріне деген ризашылықтарын ақындар жырларымен, әсем әндерімен жеткізе білді.









