Ұрпақтарға арналған ұлағат

  №17 кітапханада  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында  ұлттық тәрбиемізді насихаттау мақсатында «Ұрпақтарға арналған ұлағат»  атты өнеге сағаты өткізілді. Ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі  дарабоз қарттарымыздың даналық ойы, салиқалы сөз саптау үлгісі, өмір белестерінен көрген-білгенін, ғибратты әңгімелерін тәрбие құралына айналдырып, одан жақсылыққа ұмтылу, бауырмалдық қасиетке бет бұру секілді тағылымның түрлі өнегесі жайлы мәліметтер беріліп,  кітаптар таныстырылды. Ұлт даналығында «Атадан-өсиет, анадан қасиет» дейді.  Сол қасиет ананың ақ сүтімен дарыса, «Бесік жырының» әлдиімен тербелгеннен бала бойына мейірімділік, сабырлық ерекшіліктерін сіңіріп өседі. Жастарды тәрбиелеудегі отаншылдық қасиет ең алдымен білім мен тәрбиенің тұғыры болуы тиіс.   Шара соңында балалар кітапханаға  оқырман ретінде тіркеліп,  кітап көрмелерімен танысты.

03 наурыз 2021 ж. 425

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам