қазақ жырының алыбы Ж.Жабаев
№7 Қарауылтөбе ауылдық кітапханасында қазақ жырының алыбы Ж.Жабаевтың 175 жылдығына орай әдеби оқу кеші ұйымдастырылды. Ақынның талантын жас оқырман жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге, оны бағалай білуге ұғындыру, оқырмандарды сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру мақсатындағы шара барысында жас оқырмандар ақын өлеңдерін жатқа оқып, шығармаларымен кеңінен танысты.







