Ана-ұлт тәрбиешісі

   Ана әрбір адамның дүниедегі ең жақыны, қамқоршысы да ардақтысы. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Аналарымызды құрметтеу ұрпақ парызы. Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №6 кітапхананың ұйымдастыруыменен 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана-ұлт тәрбиешісі» атты мерекелік кеші өткізілді. Кештің  арнайы қонақтары Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Толыбай Абылаев, Ардагер ұстаз Андирова Заря, «Зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» директорының орынбасары  Бибігүл Маханбетқызы, «Ақмешіт жастары» газетінің бас редакторы Абдулаева Айжан, Ақмешіт колледжінің «Тәрбие және мәдени көпшілік жұмыстарды ұйымдастырушы» бөлімінің меңгерушісі Бекенова Айнұр, Батыр Ана Көшербаева Дәрігүл мерекелік лебіздерін білдіріп, тілектерін айтты. 
   Қарақат мектеп студиясының өнерпаздары мен Облыстық Ардагерлер үйінің мәдени қызметкерлері «Алғыс», «Гүлдерайым», «Ананың тілегі» әндерін шырқап, «Аққу», «Секіртпе» күйлері  шертілді,   «Домбыра», «Өзбек биі» орындалып, өнерпаздар кешке қатысушыларға   мерекелік көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар «Кешірші ана» атты сахналық көріністі кітапхана қызметкерлері орындады. 
Кітапханада «Ана-өмір шырағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Әсем де әсерлі кешті Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Рахметова Гүлмира Шамсутдинқызы  қорытындылап келген қонақтарға алғысын білдірді.

   
05 наурыз 2021 ж. 509

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам